Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде қоғамдық көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды

16 қыркүйек күні сағат 11:20-да қоғамдық көліктің қатысуымен жол көлік оқиғасы орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Mercedes Benz” автокөлігінің 37 жастағы әйел-жүргізушісі “Ланцелот” мейрамханасының тұрағынан қозғалар сәтте, жолдың қауіпсіз болатынына және қозғалыстың басқа қатысушыларына кедергі келтірмейтініне көз жеткізбеген. Сол жаққа бұрылар сәтте жол бойында қозғалып келе жатқан “ПАЗ 320402” маркалы автобуспен соқтығысқан.

ЖКО нәтижесінде “Mercedes Benz” автокөлігінің жүргізушісі мен автобустың жеті жолаушысы дене жарақатымен Ақтөбе қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасына жүгінді, сондай-ақ автобустың бір жолаушысы Облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Апаттың негізгі себебі – жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол ережелерін саналы түрде ескермеуі. Ақтөбе облысы Полиция департаменті жолаушылар мен жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтау және жолдарда қырағы болу қажеттігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру