Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлермен бір тоннаға жуық есірткі жойылды

“Қарасора-2020” шарасы барысында қызылордалық полицейлермен бір тоннаға жуық есірткі жойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылғы 1 маусым – 30 қазан аралығында “Қарасора-2020” кең ауқымды арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы Қызылорда облысы аумағында да өткізілуде.

​Осыған орай, егілетін қарасораның егістерін анықтаудың және жоюдың іс-әрекеттерін іске асыру үшін жергілікті құқық қорғау, атқарушы органдардың өкілдерімен жұмыс кездесуі ұйымдастырылып, арнайы жоспарлар бекітілді.

Іс-шараның мақсаты – есірткі заты бар өсімдіктерді өсіп-баптаудың алдын алу, героин трафигін жою, сондай-ақ есірткі, оның ішінде жаңа түрлерін таратумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметіне тосқауыл қоюға бағытталған.

Атқарылған ауқымды іс-шаралар нәтижесінде барлығы 77 есірткі қылмысы тіркелді. Оның ішінде есірткі өсірудің 64 дерегі, есірткіні аса ірі мөлшерде сақтаудың жеті дерегі және есірткі сатудың алты дерегі анықталды.

Есірткі өсіргені үшін барлығы 63 адам ұсталса, оның 27-ы қамаққа алынды.

Қазіргі уақытта далалық аймақтардан ірі көлемдегі есірткі алқабын анықтау мақсатында топтар құрылып, шолу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру