Англияға жұмысқа жіберемін: алаяқ түркістандықтарды сан соқтырды
Англияға жұмысқа жіберемін: алаяқ түркістандықтарды сан соқтырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан ҚПБ-ға ауыл тұрғындары арызданған. Жәбірленуші ер адамдардың айтуынша, олардың танысы Англияға жұмысқа жіберемін деп екеуінің сеніміне кірген. Жарты жыл өтіп кетсе де, өз уәдесін орындамаған. Күдікті екі жәбірленушіге 800 мың теңге шығын келтірген.
Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды.
Осыдан соң тәртіп сақшылары күдіктіні табуға бағытталған жұмыстарды атқарды. Полицейлердің атқарған жедел шараларының нәтижесінде, күдікті ретінде Түркістан қаласының тұрғыны ұсталды.
Ұсталған ер адам жарты жылға жуық уақыттан бері жәбірленушілерді әуре-сарсаңға салған. Арызданушылар ақшасын қайтару мақсатында полиция қызметкерлеріне шағым түсірген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.