Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жыл басынан бері 19 экологиялық қылмыс анықталды

Түркістан облысында жыл басынан бері 19 экологиялық қылмыс анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Браконьерлік – табиғатқа үлкен залал келтіретін қылмыс түрі. Бұл қылмысқа қатысты жазаны ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы қатаңдатты. Сол жылдың желтоқсан айында енгізілген өзгерістерге байланысты қылмыстар сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесіне байланысты онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстық іс ретінде қаралатын болды, сәйкесінше жаза қатаңдатылды.

– Түркістан облысы аумағында жыл басынан бері 19 экологиялық қылмыс пен 190-нан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде ҚР ҚК-нің 337-бабы (Заңсыз аңшылық) бойынша бір қылмыс, ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабымен (Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу) 50 құқық бұзушылық тіркелген. Ал заңсыз балық аулау бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабымен (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) 11 қылмыс, ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабымен (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) 118 құқық бұзушылық анықталып, тіркеуге алынған. Сонымен қатар, ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 381-1-бабымен (Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау) бір дерек анықталған. Ал жер қойнауын заңсыз пайдалану бойынша ҚР ҚК-нің 334-бабы (Жер қойнауын өз бетінше пайдалану) бойынша жеті қылмыс анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 139-бабымен (Жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу) 25 жайт анықталып, заңды шешім қабылдау үшін Экология департаментіне жолданған. Сондықтан облыс тұрғындарын табиғатты қорғау заңнамасын бұзбауға, бұзған жағдайда әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз, – деп атап өтті Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Бегімхан Ахметов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру