Ақмола колониясындағы колледж түлектеріне қызыл дипломдар табысталды
Ақмола колониясындағы кәсіби колледж түлектеріне қызыл дипломдар табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл сайын екі жүзден астам адам Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің мекемелерінде кәсіби колледждерге оқуға қабылданады, ал облыста ондай колледждер саны үшеу. ЕЦ-166/4 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде жыл сайын 90-ға жуық сотталған оқиды. Жұмысшы мамандықтарын сотталған студенттер алты мамандық бойынша алады, олар – «Тігінші – әмбебап», «Токарь-әмбебап», «Газэлектрдәнекерлеуші», «Автожөндеуші», «Электрик-жөндеуші», «Аспазшы».
25 маусым дәстүрлі түрде мемлекеттік емтихандарды тапсырғаннан кейін колонияның плацында білім туралы дипломдарды тапсыруға арналған салтанатты іс-шара өткізілді.
– Біздің студенттер мемлекеттік емтихандарды сәтті тапсырды. Биыл студенттер Игорь Дубровский мен Мұрат Макентаев «Дәнекерлеуші» және «Токарь» біліктілігімен қызыл дипломдар алды. Бұл адамдар карантиндік шектеулерге қарамастан жыл бойы аянбай еңбек етіп, емтихандарды өте жақсы тапсырды, – деді Атбасар қаласының аграрлық-индустриялық колледжі бөлімінің меңгерушісі Сергей Баций.
Колония басшысының орынбасары Жеңіс Ибраев педагогтар мен түлектерге құттықтау сөз сөйледі.
– Әкімшілік атынан және жеке өз атымнан мұғалімдердің еңбегі мен көрсеткен қолдаулары үшін алғыс айтқым келеді, сіздер өз оқушыларыңызға тек білім беріп қана қоймай, өмірлік тәжірбиелеріңізбен бөлісіп, негізгі өмірлік принциптер мен ережелерді үйретесіздер, – деді Ж. Ибраев.
Оқу жылының аяқталуы туралы бұйрықты оқығаннан кейін кәсіптік колледж бөлімінің меңгерушісі дипломдардың тапсырылатыны туралы хабарлады. Барлығы 82 сотталған оқуды аяқтап, диплом алды, олардың ішінде екеуіне үздік диплом табысталды.