Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола колониясының қызметкері облыстық кәсіптік шеберлік байқауында үздік атанды

Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінде “Үздік жасақ бастығы” облыстық байқауы өтті , – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық байқауда​ қатысушылар көптеген критерийлер бойынша сынға түсті. Үміткерлер жасақ бастықтары қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық базадағы өз білімдерін, сонымен қатар дене және жауынгерлік дайындық дағдыларын меңгергендігін, алғашқы медициналық көмек көрсету жолдарын, қызметтік уақытты тиімді және ұтымды пайдалана алатындарын көрсетті.

Екінші турдың қорытындысы бойынша ЕЦ-166/4 ең жоғары қауіпсіздік мекемесі жасағының бастығы Исмаил Мухадимов кәсіби қызметінде үздік нәтиже көрсетті. Осылайша Исмаил ҚР ІІМ Ш.Қабылбаева атындағы Қостанай академиясы жанынан өтетін республикалық байқаудың III-ші турына қатысу құқығына ие болды.

Исмаил Мухадимов ҚАЖ-да 2017 жылдан бері қызмет етіп келеді. Мекемеге қарулы күштерден ауысып, онда төрт жыл келісімшарт бойынша қызмет етті. Әңгімелесу кезінде кадр аппаратының қызметкерлері үміткерге назар аударған. Белсенді, мақсатшыл, сауатты, физикалық дайын деп әңгімелесу бойынша қорытындылады. Исмаил бірден колонияның режим бөліміне тағайындалды. Осы уақыт ішінде ол адал, сауатты кадрлардың жақсы ізін қалдырып, кадрлық саясат тобына қызмет етуді игерді. Өткен жылдың ақпан айында сотталғандармен тәрбие жұмысы бойынша жасақ бастығы лауазымын ұсынды. Бұл жерде Исмаил Мухадимов өз тобының әрбір сотталушысымен жақсы қарым-қатынас орнатты, бұл тәрбиеші үшін өте маңызды қасиет. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру