Ақмола колониясының қызметкерлері қарттар күніне орай ҚАЖ ардагерлерінің отбасыларына барды
Ақмола колониясының қызметкерлері қарттар күніне орай ҚАЖ ардагерлерінің отбасыларына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мереке қарсаңында Ақмола облысы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/25 мекемесінде ҚАЖ ардагерлері назардан тыс қалған жоқ. Мекеме зейнеткерлерін құттықтау дәстүрін жас қызметкерлер де құрметтейді.
Мекеменің кадрлық саясат тобы биыл мекеме ардагерлеріне баруды ұйымдастырды.
– Біздің мекемеде, әр отбасындағыдай, ардагер қызметкерлердің бізге берген дәстүрлері қатаң сақталады. Солардың бірі – колонияның зейнеткерлерін ұмытпау. Жыл сайын ардагерлерге көмек беруге тырысамыз. Қар тазалап, бақша қазып, басқа да жұмыстарда көмек берудеміз. Бүгін жас қызметкерлер біздің зейнеткерлеріміздің алты отбасына барып, мерекемен құттықтады, – деп бөлісті мекеме бастығының орынбасары Сұлтан Құсайынов.