Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысы ҚАЖ қызметкерлері қоян-қолтық ұрыстан облыстық чемпионаттың жүлдегерлері атанды

Ақмола облысы ҚАЖ қызметкерлері қоян-қолтық ұрыстан облыстық чемпионаттың жүлдегерлері атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Динамо базасында ҚР полициясының 30 жылдығына арналған ерлер арасында қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өтті. Турнир облыстың құқық қорғау органдарының 16 команда өкілдерін біріктірді. Жеңімпаздың жоғары атағы үшін қатысушылар 9 салмақ дәрежесінде жарысты, яғни 55 келіден 90-ға дейінгі салмақта бақ сынасты.

Ішкі істер органдарындағы қоян-қолтық ұрыс – ұрыста суық қаруды не қарусыз ұрысты қолдануды зерттейтін әскери-қолданбалы ғылыми және оқу пәні. Қызметкерлердің дене шынықтыру дайындығында спорттық жекпе-жекке, өзін-өзі қорғау дағдыларын дамытуға, қоғамдық тәртіпке немесе адамдардың жеке қауіпсіздігіне қауіп төндіретін адамдарды залалсыздандыруға ерекше назар аударылады. Қолмен күресудің тиімді және әртүрлі әдістері қызметкерге күтпеген жағдайларда пайдалы болуы мүмкін.

Турнир қорытындысы бойынша Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің командасы екінші жалпыкомандалық орынға ие болды. Облыстық Полиция департаментінің күш құрылымдарының қызметкерлерін тұғырын бірінші сатыға көтерді. Үшінші орынды Целиноград ауданының полицейлері иеленді.

57 және 62 келі салмақ дәрежесінде облыстық турнирде ҚАЖ қызметкерлері Акан Иманбаев және Куанбек Әбиев үздік атанды.

– Ақмола облысы бойынша ҚАЖД-ны қоян-қолтық ұрыс бойынша чемпионатта бірінші рет ұсынып отырған жоқпын, бұл мен үшін – мәртебе. Қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін меңгеру – әрқашан беделді және құрметті болған, күш, ептілік, төзімділік сияқты қасиеттерді жетілдіруге мүмкіндік берген, бұл қызметте де көмектеседі, тәртіпке салады, – деп бөлісті Куанбек.

80 және 88 кг жеке салмақ біріншілігінде облыстық ҚАЖ қызметкерлері Мирас Жанғарин және Елдос Шералы күміс жүлдегерлер атанды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру