Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында 108 шетелдік азамат елден шығарылды

Ақмола облысында жыл басынан бері 108 шетелдік азамат елден шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 тамыздан бастап Ақмола полицейлері “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жұмыс жүргізіп жатыр. Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын сақтау мақсатында көші-қон қызметін басқару бөлімшелері тұрақты негізде де, ЖПІШ шеңберінде де уақытша және тұрақты тұратын шетелдіктерді тексеру үстінде. Тәртіп сақшылары республика аумағына келген шетелдік азаматтарға кіру, болу және уақытылы шығу ережелерін әрқашан түсіндіріп отырады.

Ақкөл ауданының полиция бөлімі азаматтық және әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен ЖПІШ барысында елден отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық жасаған Ресей Федерациясының азаматын және 2020 жылдан бері елде заңсыз жүрген Өзбекстан Республикасының азаматын шығарып жіберген.

ПБ көші-қон қызметкерлері құқық бұзушыларды әуежайдың бақылау-өткізу пункттеріне және мемлекеттік шекараға дейін алып барды. Жалпы, ағымдағы жылдың басынан бастап Ақмола облысында сот 108 шетелдік азаматты шығарып жіберу туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру