Ақмола облысында 29 айыппұлы бар екі жүргізуші анықталды
Ақмола облысының полицейлері «Борышкер» ЖПІШ барысында төленбеген 29 айыппұлы бар екі жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz
Жазаның бұлтартпаушылығы және салынған айыппұлдарды уақытылы өндіріп алу қағидатын қамтамасыз ету, мүдделі органдардың тиісті өзара іс-қимылын ұйымдастыру мақсатында 24-27 қаңтар аралығында Ақмола облысының аумағында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.
Арнайы техникалық құралдардың көмегімен анықталған борышкерлермен полиция қызметкерлері бұрын салынған айыппұлдарды уақытылы төлеу қажеттілігі және жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
ЖПІШ-тің алғашқы күні борышкерлер шамамен 7 млн теңге көлемінде айыппұл төледі. Сонымен қатар «Қорғау» бағдарламасының көмегімен ЖҚЕ-ны қасақана бұзған екі адам анықталды. Олардың төленбеген 29 әкімшілік айыппұлы бар екендігі белгілі болды. Жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде екі жүргізуші де 500 мың теңгеге жуық айыппұл төледі.
Жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр.