Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында 29 айыппұлы бар екі жүргізуші анықталды

Ақмола облысының полицейлері “Борышкер” ЖПІШ барысында төленбеген 29 айыппұлы бар екі жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Жазаның бұлтартпаушылығы және салынған айыппұлдарды уақытылы өндіріп алу қағидатын қамтамасыз ету, мүдделі органдардың тиісті өзара іс-қимылын ұйымдастыру мақсатында  24-27 қаңтар аралығында Ақмола облысының аумағында “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Арнайы техникалық құралдардың көмегімен анықталған борышкерлермен полиция қызметкерлері бұрын салынған айыппұлдарды уақытылы төлеу қажеттілігі және жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

ЖПІШ-тің алғашқы күні борышкерлер шамамен 7 млн теңге көлемінде айыппұл төледі. Сонымен қатар “Қорғау” бағдарламасының көмегімен ЖҚЕ-ны қасақана бұзған екі адам анықталды. Олардың төленбеген 29 әкімшілік айыппұлы бар екендігі белгілі болды. Жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде екі жүргізуші де 500 мың теңгеге жуық айыппұл төледі.

Жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру