Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада бірнеше рет алаяқтық жасаған әйел сотталды

Қызылордада бірнеше мәрте алаяқтық жасаған 39 жастағы әйел сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысының тұрғыны, 39 жастағы азаматша 2022 жылдың наурыз айында несие алып беремін және медициналық мекемеге медбике етіп жұмысқа орналастырып беремін деп алаяқтық жолмен екі қала тұрғынын алдап, ақшаларын алған. Жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығын 850 мың теңгені құрады.

Тергеу барысында күдікті азаматшаның жасаған алаяқтық іс-әрекеттері толығымен өз дәлелін тауып, оның іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен (Алаяқтық) сараланған.

5 қаңтарда сотталушы сот үкімімен аталған бап бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру