Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында аң аулап жүрген ер адам абайсызда танысын жарақаттады

Ақмола облысында аң аулап жүрген ер адам абайсызда танысын жарақаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 қыркүйекте Атбасар АПБ-на аудандық аурухананың қабылдау бөліміне 39 жастағы жергілікті тұрғын «кеуде қуысының оқпен жаралануы» диагнозымен жеткізілгені туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Алдын ала тергеу барысында 2 қыркүйекте кешкі сағат 17.00 шамасында Атбасар қаласының 32 жастағы тұрғыны аң аулап жүргенде абайсызда жәбірленушіні атып өлтіргені анықталды. Оқиға Есіл өзенінің маңында болған.

Атбасар АПБ аталған фактіні ҚР ҚК 114-бабының 3-бөлігі (Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркеді.

Тінту іс-шаралары барысында күдіктіден 16 калибрлі ИЖ тіркелмеген тегіс ұңғылы аңшылық мылтық тәркіленді. Сараптама тағайындалды.

Бұдан басқа, ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы (Жеке және заңды тұлғалардың заңсыз сатып алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру