Ақмола облысында "Anti-fraud" жедел алдын алу іс-шарасы басталды
Ақмола облысында "Anti-fraud" жедел алдын алу іс-шарасы басталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жылдың басынан бері Ақмола облысы ПД Криминалдық полиция басқармасында интернет-алаяқтықтың 300-ден астам фактісі тіркелді.
Ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтарға, сондай-ақ авторлық және сабақтас құқықтарды бұзушылықтарға қарсы күрес жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында 26-28 шілде аралығында облыс аумағында "Anti-fraud" жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.
- Интернет-алаяқтықтың ең көп таралған түрлері - әлеуметтік желілердегі онлайн-мәмілелерге байланысты алаяқтық, банк карталарынан ақша ұрлауға байланысты алаяқтық, азаматтардың жеке деректерін иеленуге арналған фишингтік сілтемелерді пайдалану, - деп атап өтті полицияда.
Полиция департаменті Ақмола облысының барлық азаматтарын сақ болуға және осындай құқық бұзушылықтарға тап болған жағдайда 102 жедел арнасына дереу хабарлауға шақырады.