Ақмола облысында бес жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті
Ақмола облысында бес жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қайғылы оқиға аймақтағы ауылдардың бірінің жеке үйінде болды.
9 тамыз күні Аршалы ауданының полиция бөліміне ауылдық округ фельдшерінің ЖБМЖ, МШ, кеуде қуысының жарасы, сол жақтағы жіліншіктің жабық сынуы диагнозымен 5 жастағы бала дәрігерлік амбулаторияға жеткізілгені туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бес жасар баланың үйде әкесімен бірге болғандығын және қайғылы оқиғаға дейін киім ауыстыру үшін үйдің 2 қабатына көтерілгенін анықтады. Өз бөлмесінде кәмелетке толмаған бала терезеден қараймын деп абайсызда құлап кеткен.
Балалардың терезеден құлап кетуіне байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін жеке үйлерде полиция қызметкерлері жас балаларды терезелері ашық бөлмелерде қараусыз қалдырмауға кеңес береді.
Зардап шеккен баланың ата-анасымен полицейлер профилактикалық әңгіме жүргізді.