Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында «Браконьер» ЖПІШ басталды

Ақмола облысында «Браконьер» ЖПІШ басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Браконьерлікті анықтау және жолын кесу, заңсыз балық аулауға және ағаштарды заңсыз кесуге қарсы іс-қимыл мақсатында 20 қазаннан бастап Ақмола облысының аумағында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

Тоғыз айда облыс бойынша табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері балық аулау ережелерін бұзудың 277 фактісін және аң аулау ережелерін бұзудың 541 фактісін анықтады.

– Бекітілген аңшылық алқаптарда аң аулауға болатындығын еске саламыз. Аңшының өзімен бірге тиісті жылға мемлекеттік баж төленгенін растайтын куәлігі, аң аулауға рұқсаты, аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасы және аңшылық атыс қаруын алып жүру құқығына рұқсаты болуы тиіс. Балық шаруашылығы су айдынында немесе учаскесінде әуесқойлық, спорттық балық аулауды жүзеге асыру кезінде балықшының өзімен бірге жолдамасы, рұқсаты, жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс, – деді полицияда.

Мұндай құжаттар тізбесі болмаған жағдайда бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы бойынша «Балық аулау және балық ресурстарын мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады, бұл субъектінің нысанына қарай айыппұл салуға әкеп соғады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру