Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында ер адам сигналдық тапаншадан оқ атқан

Ақмола облысында ер адам сигналдық тапаншадан оқ атқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қарашада Аршалы АПБ кезекші бөліміне жақын маңдағы ауылдардың бірінің тұрғынынан телефон хабарламасы келіп түсті, ер адам бұзақылық туралы хабарлады. Аршалы ауданының ауылдарының бірінде белгісіз адам дүкеннің жанында тұрып тапаншаға ұқсас заттан ауаға оқ атқаны анықталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бұзақыны ұстады, ол осы кенттің 23 жастағы тұрғыны болып шықты. Тапаншаны дереу полиция алып, сараптамаға жіберді. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл “RETAY XR” маркалы сигналдық тапанша болған және жауынгерлік қару болып табылмайды.

Аталған факті ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру