Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында ер адам жалға алған пәтерден тұрмыстық техниканы ұрлап кеткен

Ақмола облысында ер адам жалға алған пәтерден тұрмыстық техниканы ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 қаңтарда Бурабай полиция бөліміне Щучинск қаласының тұрғынынан жалға берілген пәтерден тұрмыстық техниканың ұрланғаны жөнінде арызы келіп түсті. Жәбірленушінің айтуынша, ер адам баспана жалдап тұрған, 2022 жылдың 16 қарашасы мен 2023 жылдың 19 қаңтары аралығында LG тоңазытқыш пен плазмалық теледидарды ұрлап кеткен. Залал сомасы 350 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері жалға алушының, Талдықорған қаласының 36 жастағы тұрғынының орналасқан жерін анықтады. Ер адам ұрланған заттардың бәрін ломбардқа өткізгені белгілі болды.

Полиция бөлімі бұл фактіні ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеді. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру