Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында газ баллонын жарып жіберемін деп қорқытқан тұрғын құрықталды

Ақмола облысында пышақпен қаруланып, тұрғынүйде газ баллонын жарып жіберемін деп қорқытқан тұрғын құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қайтымсыз салдарға алып келіп соқтыруы мүмкін оқиға 30 қаңтар күні кешкі уақытта Сарыарқа шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде орын алды. Көкшетау полициясына 15/6 үйдің подъездіндегі үшінші қабатта мас күйдегі ер адам пышақпен қорқытып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Көрсетілген мекен-жайға «Модуль-4» стационарлық бекетінде кезекшілік атқарып жатқан ең жақын наряд дереу жіберілді.

Полицейлерді көрген қала тұрғыны өз пәтеріне жүгіріп барып, есікті құлыптап, газ баллонын жарып жіберетінін айтып айқайлай бастаған. Осы уақытта оқиға орнына №8 ППУ учаскелік инспекторлары келді. Құқық бұзушын шынымен газ баллонын алып, шлангты кесіп, кейін подъезд бен пәтерлер бойынша ерекше иіс тарата бастаған. Тұрғындарды эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Бірнеше минут ішінде полицейлер 80 адамды, оның ішінде 20 бала мен екі мүгедек адамды эвакуациялады.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің күштері шақырылып, 5 бірлік ТЖ техникасы, жедел медициналық жәрдем станциясы келді.

Полиция қызметкерлері есік алдында ер адамның назарын өздеріне аударып тұрған уақытта құқық бұзушыны ұстау үшін төрт полиция қызметкері үшінші қабаттағы балконға өрт сөндіру баспалдағымен көтерілді. Осылайша пәтерге кірген тәртіп сақшылары қолында пышақ ұстаған адамды байқаған, ал күдікті бөлмеде жасырынуға тырысқан. Қызметкерлердің жемісті әрекеттерінің нәтижесінде 25 жастағы құқық бұзушы ұсталып, медициналық куәландыру үшін наркологияға жеткізілді.

Қорытындыға сәйкес қала тұрғыны «орташа дәрежеде» мас болғаны анықталды. Сонымен қатар дәрігер-мамандардың тексеру қорытындысы бойынша, ер жігіттің бойында мінез-құлық бұзылыстары анықталған жоқ.

Қазіргі уақытта осы факті бойынша мұқият тексеру жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру