Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері практикалық атыс бойынша өткен турнирде жеңімпаз атанды

СҚО полицейлері практикалық атыс бойынша өткен турнирде жеңімпаз атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласында практикалық атыс бойынша өткен VI жыл сайынғы турнирге қатысқан СҚО полиция департаментінің қызметкерлері жеңімпаз болып оралды. Олар 14 команданың арасында бірінші орынды иеленді.

Жарыс Ауған жерінде интернационалдық борышын өтеу кезінде жауынгерлердің арасында “Қара-майор” атанып кеткен аты аңызға айналған командир Боис Керімбаевты еске алуға арналды.

Солтүстікқазақстандық полицейлер осындай турнирлерге жиі қатысып тұрады. Аталмыш жарыс 7 жаттығудан тұрды. Оның ішінде қозғалмайтын және қозғалатын нысаналарды автомат пен тапаншадан ату сияқты аралас жаттығулар да болды. Осындай жаттығулар қызметкерлердің атыс дайындықтарын шыңдауға және жауынгерлік дайындықтарын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл турнирдің отаншылдықты нығайтудағы маңызы зор.

Айта кету қажет, бұл – солтүстікқазақстандық полицейлердің екінші жеңісі. Бұған дейін олар 2021 жылы өткен жарыста жеңіске қол жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру