Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде ер адам тергеу изоляторына телефон өткізбек болған

Ақтөбеде қысқы аяқ киімнің ұлтарағының астына телефон жасырып, тергеу изоляторына өткізбек болған азаматтың қулығы іске аспады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбеде ҚАЖ департаментіне қарасты №70 мекемесінің режим және күзет бөлімінің қызметкерлері мекемеге келген сәлемдемені тексеру кезінде екі телефон, екі SIM-карта және екі USB шнурын тәркіледі.

Мекемеге әкелуге тыйым салынған заттарды 24 жастағы Ж.Р есімді азамат өзінің сотталған танысына қысқы аяқ киімнің ұлтарақ астына жасырып, бермек болған.

– Азамат Ж.Р өз түсініктемесінде кінәсін толық мойындады. Құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 791-бабы және 795-бабы бойынша хаттама толтырылып, іс Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды, – дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Руслан Уразбаев.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратованың айтуынша, жыл басталғалы осыған ұқсас жағдай тергеу изоляторында екінші рет қайталанып отыр. Нақтырақ айтқанда, осы қаңтар айында №70 (тергеу изоляторы) мекемесінің режим және күзет бөлімінің қызметкерлері мекемеге келген сәлемдемені тексеру кезінде ер адамның қысқы аяқ киімінің табанына мұқият жасырылған екі телефонды тәркіледі. Сондай-ақ өткен 2022 жылы аталған тергеу изоляторында ұқсас бір жағдай тіркелген болатын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру