Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында із-түссіз жоғалған жеткіншек іздестіріліп жатыр

Ақмола облысының полиция департаменті Целиноград ауданы Қоянды ауылының 18 жастағы тұрғыны –  Әділет Асланұлы Оразбекке іздеу салады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ол 17 мамыр күні сағат 16:00 шамасында үйден шығып кеткен. Оның осы уақытқа дейінгі орналасқан жері белгісіз.Хабар-ошарсыз жоғалып кеткен баланың анасы өздігінен сәтсіз іздеуден кейін 22 мамыр күні Целиноград полиция бөліміне өтініш білдірді. Әйел 17 мамыр күні кешкі сағат 19:00 шамасында ұлы ұялы телефонға қоңырау шалып, жақын уақытта үйге келетінін айтқанын, алайда оралмағанын айтты.

18 жасар жігіттің орналасқан жерін анықтау мақсатында полиция қызметкерлері іздестіру іс-шараларының кешенін ұйымдастырды. Жоғалған жігіттің баруы мүмкін жерлерді тексерді, таныстары мен достарынан сұрақтарға жауап алды.

Жоғалған жас жігіттің деректері жазылған бағдар көршілес аумақтық бөлімшелерге бағытталды. Іздеуге департаменттің бөлімшелері, Целиноград АПБ жеке құрамы, сондай-ақ Астана қаласы ПД және өзге де күштер жұмылдырылды.

Әділет Оразбектің орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратыңыз бар болса немесе білетін болсаңыз «102» арнайы желісіне қоңырау шалуыңызды сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру