Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полицейлер пара беру дерегі бойынша 11 қылмыстық істі тіркеді

Астана қаласы полиция департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасы жыл басынан бері лауазымды тұлғаға пара беру дерегі бойынша 11 қылмыстық істі тіркеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы қызмет атқару кезінде ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 1-бөлігінде (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Toyota Estima автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісін тоқтатты.

Әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін құқық бұзушы полицейге 10 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы беруге тырысқан. Сот үкімімен пара берушіге 112 мың теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Патрульдік полицияның мамандандырылған батальонының инспекторлары қызмет атқару кезінде ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы 2-бөлігінде (Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Mitsubishi Galant автокөлігін тоқтатқан. Әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін жүргізуші 15 мың теңге сомасында ақшалай қаражат ұсынған.

Жүргізушіге қатысты сот үкімімен 168 750 теңге сомасында айыппұл түріндегі жаза тағайындалып, айыптау үкімі шығарылды.

Сонымен қатар қылмыстық істер бойынша пара беру де орын алған.

Мәселен, қылмыстық процеске қатысушы қылмыстық жауапкершілікке тартпау және іс бойынша оң шешім шығарылуы үшін параны қылмыстық қудалау органына ақшалай қаражат түрінде берген.

Лауазымды тұлғаға пара беру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша пара берушінің әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру