Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында кәсіпкер ұрлық қылмысын ашқан полицейлерге алғыс білдірді

Кәсіпкер ұрлық қылмысын ашқан Зеренді ауданының полицейлеріне алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 желтоқсанда Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығы Д.Таевтың атына “Думан” шаруа қожалығының басшысы Қ. Базарбековтың алғыс хаты келіп түсті. Хатта шаруа қожалығының қоймасынан астық пен кабельдерді заңсыз ұрлап, шаруа қожалығына мүліктік зиян келтірген адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы айтылған.

Бұл істі тергеу Зеренді аудандық полициясының қызметкерлері Б.Кемешовке, Е. Ысқақовқа тапсырылды және ПБ бастығының орынбасары Е.Қалжанов пен ПБ бастығы Ж. Уәлиевтің жеке бақылауында болды.

– Біздің құқықтық қоғамда өмір сүріп жатқанымызға деген сенім осындай сауатты мамандар іске кіріскен кезде пайда болады. Олар өз білімі мен кәсібилігінің арқасында көбінесе жеке тұлғалардың озбырлығы мен заңсыздығынан зардап шеккен республикамыздың қарапайым азаматтарын құқықтық қорғауға атсалысады, – деп жазады Қалымбек Базарбеков.

Хат авторы Зеренді АПБ қызметкерлеріне сапалы атқарылған жұмыстары үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру