Ақмола облысында мас жүргізушілердің кінәсінен 25 жол-көлік оқиғасы орын алды
Ақмола облысында мас жүргізушілердің кінәсінен 25 жол-көлік оқиғасы орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
22 тамызда Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Ақмола облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Аслан Қызбикеновтың қатысуымен брифинг өтті.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты бөлімше басшысы полицияның Ақмола жолдарындағы апаттылықты азайту бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы айтып, жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерін атады.
Спикердің ақпараты бойынша, биыл патрульдік полиция бөлімшелері 134 мыңнан астам ЖҚЕ бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Өкінішке орай, бейсаналық, өзіне деген сенімділік, жүргізушілердің төмен жүргізушілік тәртібі қорқынышты апаттардың себебі болып табылады. Жүргізушілер салдарын түсінбей, мас күйінде көлік құралдарының тізгініне отырады.
Биылғы жылы мас күйінде көлік жүргізудің 2,5 есе фактілерінің жолы кесілді, яғни цифрлық мәндерде айтатын болсақ, бұл 141%-ға немесе 1 190 фактіге артық. 31 жүргізуші көлікті қайта мас күйінде басқарғаны үшін әртүрлі мерзімдерге сотталды.
Көлікті жүргізуге тиісті құжаттары жоқ 2 091 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған – 368 адам. Мас жүргізушілердің кінәсінен 25 апат тіркелді, онда 3 адам қайтыс болып, 36-ы түрлі жарақат алды.
Жолдардағы апаттылық деңгейін төмендету және жағдайды тұрақтандыру үшін 19 шілдеден 18 тамызға дейінгі аралықта Ақмола облысының аумағында барлық мүдделі органдарды, бұқаралық ақпарат құралдарын және жұртшылықты тарта отырып, «Қауіпсіз жол» республикалық айлығы өтті.
Тәулік бойы 380-нен астам полицей жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етті, жолдарды тексеру жүргізілді, апаттық-қауіпті учаскелер анықталды, қосымша жол белгілері орнатылды.
Кең ауқымды акцияны өткізу кезеңінде 15 мыңға жуық ЖҚЕ бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Іс-шараны өткізу қорытындысы бойынша жазаның қатаңдығына қарамастан, жүргізушілер көлікті мас күйінде басқаруды жалғастыруда, шілде айында мыңнан астам мас жүргізуші жүргізуші куәлігінен айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, ал бірінші жартыжылдықтың 6 айында осындай 978 бұзушылық анықталды.
Соңында спикер облыстың барлық тұрғындары мен қонақтарын жол қозғалысының белгіленген ережелерін мүлтіксіз сақтауға, өз өміріне және жол қозғалысының басқа қатысушыларының өміріне қауіп төндірмеуге шақырды.