Ақмола облысында полицейлердің саптық байқауы өтті
Ақмола облысында полицейлердің саптық байқауы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
13 сәуірде Полиция департаментінің әкімшілік ғимаратының алаңында полицияның кешенді күштерінің дәстүрлі нұсқамасы өтті. Қызмет атқаруға әзірлікті ведомствоның әсіресе «халықтық» бөлімшелері: патрульдік полиция және учаскелік полиция инспекторлары көрсетті.
Түзеу мен саптық даярлықты арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы Рүстем Мурзин, Көкшетау қаласы Полиция басқармасының бастығы Жанатбек Ешімов, облыстық және қалалық патрульдік полиция батальондарының командирлері нысанды киім-кешекті, қызметтік куәліктер мен арнайы жетондардың сәйкестігін тексерді.
Бұл байқаудың ерекшелігі – жаңа үлгідегі форманың көрсетілімі болды, оның басты ерекшелігі – шағылысатын элементтердің болуы. Бұл түнгі уақытта жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қызмет атқарып жатқан полиция қызметкерлерін қауіптен қорғауға мүмкіндік береді.
Жетондар, эмблемалар, кокардалар сияқты барлық металл заттар тоқыма бұйымдарымен алмастырылды, сонымен қатар арнайы шеврондар аймақты ескере отырып жасалды.
Учаскелік полиция инспекторлары үшін олардың жұмыс ерекшелігін ескере отырып, жеке нысан әзірленді. Полиция қызметкерлері жаңа нысанды киім-кешектің ыңғайлылығын, ең бастысы – қолайлылығын бағалап үлгерді.
Айта кету керек, мұндай ауқымды іс-шаралар Полиция департаментінде жылына екі рет өткізіледі: жазғы және қысқы нысанды киім-кешекке көшуге байланысты. Мұндай демонстрация сыртқы қызмет қызметкерлерінің жауынгерлік дайындығын ғана емес, сонымен қатар патрульдік полиция қызметтері мен учаскелік полиция инспекторларының техникалық жабдықталуын тексеруге мүмкіндік береді.
Нысанды амуницияны, қызметтік куәліктерді және арнайы құралдарды тексеру кезінде жеке құраммен қызмет өткеру, жеке тәртіпті сақтау қажеттілігі, нысанды киім-кешекті киіп жүру қағидалары бойынша нұсқаулық өткізілді.
– Сіздердің әрқайсыңыз үнемі халықтың алдында жүресіздер және мінез-құлықтарыңыз бен сыртқы келбеттеріңізге өңір полициясының беделі байланысты. Азаматтармен сыпайы және дұрыс қарым-қатынас жасау – халықтың біздің жұмысымызға деген сенімін арттырудың басты критерийлерінің бірі, – деді тексерушілер полиция қызметкерлеріне.