Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық учаскелік полицей үш ұрлықты ашты

Қостанайлық учаскелік полицей үш ұрлықты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарабалық ауданының учаскелік полиция инспекторы ауыл тұрғындарынан жасалған үш ұрлықты ашты. Күдікті ұсталды.

11 сәуірде Қарабалық ауданының полициясына Приречное ауылының тұрғыны қосалқы бөлшектердің ұрланғаны туралы хабарлады. Ер азамат белгісіз адам гараждан су сорғысын, бензин мен компрессорды ұрлап кеткенін айтты. Жалпы шығын 60 мыңнан асты. Сонымен қатар, көліктен ақша ұрланған.

Сол күні учаскелік полиция инспекторы Руслан Айтуков бөлімнің жедел қызметкерлерімен бірге 31 жастағы күдіктіні, бұрын сотталған жергілікті тұрғынды ұстады. Одан тәртіп сақшылары ұрланған мүлікті тәркіледі. Одан әрі жедел-тергеу әрекеттері барысында оның басқа қылмыстарға қатыстылығы анықталды.

Осы жылдың наурыз айында ер адам ауылдасының үйіне кірген, сол уақытта ешкім жоқ екенін алдын-ала білді, бақылап отырған. Бөлмелердің бірінде, шкафта ол 200 мың теңгеден астам сомаға алтын сырғалар мен сақиналарды тапты. Қаскүнем өзімен бірге тамақ өнімдерін де алып кетті.

Күдікті тағы бір ұрлықты осы ауылдағы Мир көшесінде жасаған. Әйелдің үйіне кіріп, кіреберістен 130 мың теңге, фотоаппарат пен ұялы телефонын ұрлап кеткен.

Қазіргі уақытта барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қарабалықшылар полицейлерге қылмысты ашқаны үшін алғыс айтты.

Жыл басынан бері Қарабалық ауданында 22 бөтен мүлік ұрланып, оның 20-ы ашылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру