Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жұмыс орнынан цемент ұрлаған күдікті ұсталды

Түркістан облысында жұмыс орнынан цемент ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара АПБ-ға құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан компаниялардың бірінен арыз келіп түсті. Онда құрылыс ғимаратының ішінде жинаулы тұрған цементті белгісіз біреудің жасырын кіріп, ұрлап кеткендігі айтылған.

Бұл жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді. Келтірілген шығын көлемі 180 мың теңгені құрады.

Осы дерек бойынша тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын іске асырды. Олар бір тәулік ішінде күдіктіні үйінен анықтап, қолға түсірді. Айғақты зат ретінде күдіктінің ауласынан 12 қап цемент табылып, тәркіленді.

Полицейлер ұсталған ер азаматтың құрылыс компаниясында жұмыс жасайтынын анықтады. Ол Мақтаарал ауданының тұрғыны болып шықты. Бүгінгі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп, оның басқа да қылмыстарға қатысы бар жоғы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру