Ақмола облысында қалың қар мен боран салдарынан жолдар жабылды
2021 жылғы 23 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысында республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
- сағат 07-30-да "Жақсы-Есіл-Бұзылық" автожолы (Есіл ауданындағы Жақсы кенті-Бұзылық ауылы);
- сағат 07-30-да "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" автожолы (Сұрған ауылы-Қостанай облысының шекарасы);
- сағат 07-30-да "Жезқазған-Петропавловск" автожолы (Қостанай және СҚО шекарасынан Жарқайың, Есіл аудандары);
- сағат 07-30-да "Екатеринбург-Алматы" автожолы (Жақсы ауылы-Атбасар қаласы);
- сағат 09-00-де "Екатеринбург-Алматы" автожолы (Жақсы ауылы-Атбасар қаласы);
- сағат 09-00-де "Көкшетау-Атбасар" автожолы;
- сағат 10-30-да "Щучинск-Зеренді" автожолы;
Осы орайда полиция қызметкерлері барлық автокөлік жүргізушілеріне жолда өте мұқият болуға, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауға, автомобильдер арасында қауіпсіз арақашықтықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ қауіпті маневрлер жасаудан аулақ болуға кеңес береді.