Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полицейлер рейдтік іс-шаралар өткізуде

Павлодар қаласының полицейлері саяжайлардың бірінен улы түтінге булыққан 11 айлық сәбиді анықтады, – деп хабарлайды  Polisia.kz.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында Павлодар қаласының полицейлері демалыс күндері рейдтік іс-шаралар өткізіп, саяжайларды аралады. Саяжайдағы үйлердің бірінен Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері Ия Балгужинова мен Айнұр Әубәкірова кішкентай баланы аңғарған.

– Бала 11 айлық, ал туу туралы куәлігі осы күнге дейін ресімделмеген, ол үйде баланың ғана емес, жалпы отбасының тұруына тиісті жағдайлар жасалмаған, – деді Павлодар қаласы ПБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Қаптаев.

Тәртіп сақшысы пештен шыққан улы газдың иісінен үйде демалатын ауа болмағанын, үйде антисанитарлық жағдай екенін атап өтті. Полиция қызметкерлері дереу жедел жәрдем шақырып, олар баланы “жеңіл дәрежедегі улы газбен улану және жалпы суық тию” диагноздарымен дереу ауруханаға жатқызған.

– Сәбидің анасы профилактикалық есепке қойылды, ал бала сауыққаннан кейін Сәбилер үйіне жіберіледі, – деді Арман Қаптаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру