Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында қалың қар мен боран салдарынан жолдар жабылды

2021 жылғы 23 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысында республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– сағат 07-30-да “Жақсы-Есіл-Бұзылық” автожолы (Есіл ауданындағы Жақсы кенті-Бұзылық ауылы);

– сағат 07-30-да “Қостанай-Әулиекөл-Сұрған” автожолы (Сұрған ауылы-Қостанай облысының шекарасы);

– сағат 07-30-да “Жезқазған-Петропавловск” автожолы (Қостанай және СҚО шекарасынан Жарқайың, Есіл аудандары);

– сағат 07-30-да “Екатеринбург-Алматы” автожолы (Жақсы ауылы-Атбасар қаласы);

– сағат 09-00-де “Екатеринбург-Алматы” автожолы (Жақсы ауылы-Атбасар қаласы);

– сағат 09-00-де “Көкшетау-Атбасар” автожолы;

– сағат 10-30-да “Щучинск-Зеренді” автожолы;

Осы орайда полиция қызметкерлері барлық автокөлік жүргізушілеріне жолда өте мұқият болуға, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауға, автомобильдер арасында қауіпсіз арақашықтықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ қауіпті маневрлер жасаудан аулақ болуға кеңес береді. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру