Ақмола облысында қауіпсіздік жүйесінің көмегімен ұрланған самокаттың орны анықталды
Ақмола облысында қауіпсіздік жүйесінің көмегімен ұрланған самокаттың орны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 мамыр күні Көкшетау қаласының полиция басқармасына жеке кәсіпкер, облыс орталығының тұрғынының өтініші келіп түсті. Ер адам көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан жалдамалы электр самокаты ұрланғанын хабарлады. Залал сомасы 450 мың теңгені құрады.
Полиция басқармасы бұл деректі ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрланған самокат Көкшетау тұрғынынан табылды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді, әйелдің ұрлыққа қатысы тексеріліп жатыр.
Жалдамалы электр самокатының қозғалысы жаһандық позициялау жүйесі – GPS арқылы бақыланатынын және қауіпсіздік мақсатында көше көлігінің орналасқан жерін бақылау жүйесі пайдаланылады.