Ақмола облысында құны 7,5 млн теңге болатын қара металл ұрлығы ашылды
Ақмола облысында құны 7,5 млн теңге болатын қара металл ұрлығы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Криминалдық полиция қызметкерлері бұрын жасалған қылмыстың бетін ашты.
18 қыркүйекте Целиноград ауданының полиция бөліміне ЖШС-ның бірінің төрағасы ұрлық жасалғаны туралы өтінішпен жүгінді. Ақмолалық белгісіз тұлғалар 13-14 қыркүйек аралығында Тайтөбе ауылындағы кәсіпорын аумағынан қара металл ұрлағанын айтты. Келтірілген залал сомасы 7,5 млн теңгеден асты.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қаскүнемнің жеке басын анықтады.
Осы ЖШС-да қысқа уақыт күзетші болып жұмыс істеген елордаға жақын ауылдың 36 жастағы тұрғыны жасаған ісін мойындады. Ферманың металл қоршауын құралмен кесіп алып, оны металл сатып алушыларға тапсырып, түскен қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.
Осы фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.