Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шығыс Қазақстанда есірткі қойып кетушілер қолға түсті

Шығыс Қазақстан облысында есірткі қойып кетушілер қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында “Рефлекс” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу аясында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ҰҰ арнайы мақсаттағы бөлімшесімен және ШҚО ПД КҚО-мен бірлесіп, Шығыс Қазақстан облыстық орталығының Меновное кентінде интернет-дүкеннің екі “курьер-қойып кетушісін” ұстаған.

Белгілі болғандай, күдіктілердің бірі әлі кәмелеттік жасқа толмаған. Тәртіп сақшылары тінту жүргізген, оның барысында ұсталғандардан электр таспасына оралған 48 буманы тәркілеп алды. Сараптама көрсеткендей, олардың құрамында 20 грамнан астам “Альфа-пирролидиновалерофенон” психотроптық заты болған. Қазіргі уақытта қаскөй жасөспірім үй қамағында, ал оның сыбайласы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған қылмыс үшін мүлкін тәркілеп, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру