Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында сотталғандарға ауызашар ұйымдастырылды

Ақмола облысында сотталғандарға ауызашар ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қасиетті Рамазан айының оразасы кезінде РММ ЕЦ–166/4 Мекемесінің Сотталғандар арасындағы тәрбиелік, әлеуметтік психологиялық жұмыс бөлімінің қызметкерлері А. Чопабеков  Атбасар аудандық мешітінің имамымен бірге ораза ұстаған сотталғандарға ауызашар ұйымдастырды.

Осы іс-шара барысында Тәрбие жұмысы бойынша мекеме бастығының орынбасары Ж. Ибраев ораза ұстаған сотталғандарды ауыз ашармен құттықтап тілектер білдірді. Сонымен бірге сотталғандар тарапынан осы іс-шараны ұйымдастырған мешіт және мекеме қызметкерлеріне өз алғыстарын айтып, жылы тілектерін білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру