Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда төрт айда 8 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

Ақтауда төрт айда сегіз мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері Ақтау қаласы Полиция басқармасының жедел басқару орталығына тұрғындардан 71 049 қоңырау келіп түсті. Бұл орталықтың жұмысы қызметтер мен бөлімшелерді басқару мен үйлестірудің тиімділігін арттыруға, көшелер мен қоғамдық орындардағы жағдайға үздіксіз мониторинг жүргізуге, құқыққа қайшы әрекеттерді анықтауға және олардың алдын алуға көмектеседі.

Бейнебақылау камераларының көмегімен төрт айда 8 742 құқық бұзушылық анықталды және 72 қылмыс ашылды, оның ішінде 10 ұрлық фактісі, екі тонау, қарақшылық, жеті бұзақылық фактісі, автокөлікті айдап әкету дерегі, 36 есірткі құралдарын сақтау фактісі, 13 мас күйінде автокөлікті басқаруды бұзушылық (әкімшілік құқық бұзушылық үшін тоқтату барысында) және басқа да деректер.

Хабарламаларды қабылдау арнасына 28 хабарлама келіп түсті, оның ішінде төрт бейнеқоңырау, бір аудиоқоңырау және 23 SMS-хабарлама.

Барлық анықталған қылмыстар бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру