Ақмола облысында студенттер мен сарбаздарды қызметке шақыру бойынша үгіттеу жұмыстары жүргізілуде
Ақмола облысында студенттер мен сарбаздарды қызметке шақыру бойынша үгіттеу жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ЕЦ-166/5 мекемесінің кадр саясаты тобының қызметкерлері, мекемедегі басшы құрам және орта басшы құрамның бос лауазымдарын толықтыру бойынша Аршалы кентінде орналасқан Аршалы Агротехникалық колледжінің осы жылы оқу аяқтайтын студенттерімен, сонымен қатар 6505 әскери бөлімінің 9 атқыштар ротасының жауынгерлерімен кездесу өткізді.
Құқық қорғау органдарында қызмет атқарудың жеңілдіктері, мекеменің қызметтік жатақханасынан баспана беру, баспана төлемдері жайлы түсініктеме берілді.
Студенттер мен жауынгерлер тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Мемлекеттік тестілеуден, әскери дәрігерлік комиссиядан өту кезінде туындайтын қиындықтар туралы айтылды.