Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында үй ұрысы ұсталды

Аталған тонау ұрлығы өткен жылдың қазан айында Талапкер елді мекенінде тіркелген. Арыз беруші жергілікті тұрғынның сөзінше, үй иелерінің жоқтығын пайдаланған қарақшы терезені қиратып кіріп, 720 мың теңге қаражатпен қоса зерделі бұйымдарды қолды еткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарақшыны жедел іздестіру шаралары нәтижесінде 23 ақпан күні 25 жасар астаналық күдікті адам ұсталды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлігіне (Ұрлық) бойынша қылмыстық іске тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауда.

Полиция қызметкерлері ұсталған адамның Нұр-Сұлтан қаласының және Целиноград ауданының аумағында жасалған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.

Осы ретте полицейлер тұрғындарға өз табыстары жайлы ешкімге жария етпеуді ескертеді. Сондай-ақ ұрлықтың алдын алудың ең тиімді жолы үйді темір есікпен жабдықтап, мүмкіндігінше күзет дабылымен жабдықтауды ұсынады.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру