Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тыйым салынған материалдарды дайындаумен және таратумен айналысқан ер адамды ұсталды

Түркістан облысының полицейлері “Контрафакт” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 10-ға жуық қылмысты анықтады,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысы аумағында ағымдағы жылдың 17-21 ақпан күндері аралығында “Контрафакт” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Оның негізгі мақсаты-авторлық және сабақтас құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің тиімділігін арттыру, зияткерлік меншік саласындағы қылмыстарды анықтау және жолын кесу, компьютерлік технологиялар құралдарын пайдалана отырып жасалатын қылмыстарды ашу.
“Контрафакт” жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы бойынша

Түркістан облысы Полиция департаменті полиция қызметкерлері 11 қылмысты анықтады, оның ішінде 8 авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу жайты және 1 порнографиялық материалдарды тарату дерегі. Кентау қаласының полицейлері “Контрафакт” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қалалық базарлардың бірінде порнографиялық материалдарды дайындаумен және таратумен айналысқан ер адамды ұстады. Тәртіп сақшылары күдіктіден айғақты заттарын тәркілеп алды. Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 311-бабы “Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату” бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ, полицейлер контрафактілік өнімдерді заңсыз сату деректерін
анықтау бойынша рейдтік іс-шараларды Түркістан облысының басқа аудандарында өткізді. Мысалы, Қазығұрт ауданында тәртіп сақшылары жергілікті базарлардың бірінде контрафактілі дискілерді заңсыз саудалаудың жолын кесті. Қазығұрт ауданының тұрғынынан полиция қызметкерлері айғақты зат ретінде 170-тен астам контрафактілі дискіні тәркіледі. Тағы 30-дан астам контрафактілік дискілерді Мақтарал ауданының полицейлері орталық базарда сатылып жатқан жерінен жергілікті тұрғыннан тәркілеп алды. Аталған деректер Қылмыстық кодекстің 198-бабы “Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
“Контрафакт” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Түркістан облысы Полиция департаментінің полиция қызметкерлері контрафактілі өнімдері бар 400-ден астам дискті, 3 электронды тасығышты және порнографиялық өнімдері бар 3 дискті тәркіледі.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру