Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көктемгі су тасқынына дайындық Үкімет отырысында қаралды

ҚР ІІМ Ерлан Тұрғымбаев көктемгі су тасқынына дайындық барысы және көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Қазгидромет» РМК-нің алдын ала болжамдық деректеріне қарағанда, тұтастай алғанда ел аумағындағы қар көлемі және өзен бассейндеріндегі ылғал қоры нормадан едәуір жоғары. Бұл ретте қар басу процесі жалғасуда.

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы жағдай алаңдатады. Аталған өңірлерде су басу қаупі жоғары.

Орталық және жергілікті атқарушы органдар еріген қар суынан қауіпті жағдай туындауы мүмкін елді мекендерді қардан тазарту жөнінде шұғыл шаралар қабылдауы қажет. Бүгінде қар тазалау жұмыстары тек қатынас жолдарында ғана жүргізілуде.

Е.Тұрғымбаевтың айтуынша, нақты қауіп-қатер аймағында 609 елді мекен, 675 автокөлік жолы және 259 темір жол бар. 170 700-ден астам құрылыс нысаны мен тұрғын үй су қоймалары аумағында орналасқан.

Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Түркістан облыстарының 33 елді мекенінде су тасқыны қаупі жоғары болып отыр. Бұл елді мекендерде 16 мыңнан астам адам тұрады.

Су басуға жол бермеу мақсатында елді мекендерден 8,8 млн.текше метрден астам қар шығарылды. Қажетті жанар-жағар май қоры жасақталды, көшірілетін тұрғындарды қабылдайтын 1707 пункт дайындалды. Сондай-ақ маршруттар жаңартылып, көліктер бөлінді. Қалыпты тіршілік ырғағын қамтамасыз ету үшін әкімдіктер қажетті құралдар (шатырлар, кереуеттер), азық-түлік пен ауыз су қорын дайындады.

Су басу қаупі күрделенген жағдайында жедел ықпал ету мақсатында саны 9 мың адамды және 1 730 бірлік техниканы (оның ішінде 332 бірлік жүзу құралы, 18 тікұшақ) құрайтын ішкі істер органдарының күш және құралдарының арнайы топтары құрылды. Айта кетейік, төтенше резервтер мен кезек күттірмес шығындар резервіне 34,2 млрд. теңге қарастырылған.

Қазіргі таңда өңірлердегі су басу қаупі күрделенген жағдайда азаматтық қорғаныс құтқару бөліністерінің қосымша күштері мен құралдарын пайдалану мәселесі пысықталуда.

Жұмылдырылған күштің дайындығы 25-26 ақпанда өтетін «Көктем-2020» республикалық командалық штаб оқу-жаттығуының барысында сыналатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру