Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда полиция терроризмге қарсы жоспарлы жаттығулар өткізді

Қостанайда полиция терроризмге қарсы жоспарлы жаттығулар өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараны терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық штаб ұйымдастырды. Екі күн ішінде Орыс және Қазақ драма театрларында, “Тобыл Арена” футбол манежінде және “Март” сауда орталығында орнатылған жарылғыш заттар мен лаңкестер жайында жаттығу жұмыстары жүргізілді.

Оқу-жаттығуды ұйымдастырушылар тексеріп кіргізу жүйелерін, басшылықтың, жеке құрамның және күзет қызметкерлерінің әртүрлі лаңкестік деректер орын алған жағдайда әрекет етуге дайындығын бағалады.

Сонымен қатар құқық қорғау органдарының, өрт сөндірушілер мен медицина қызметкерлерінің іс-қимылдарының үйлесімділігі пысықталды.

Жалпы алғанда оқу-жаттығулар лаңкестік актінің ықтимал қауіптері мен салдарын барынша азайту үшін жедел әрекет етудің бастапқы күштерінің кәсіби даярлық деңгейін арттыруға ықпал етті.

Естеріңізге сала кетейік, оқу-жаттығу қарсаңында Қостанай облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы террористік тұрғыдан осал объектілерге тексеру жүргізді. Оның нәтижелері бойынша полиция ұйымдардың басшылары мен иелеріне анықталған бұзушылықтарды жою туралы 42 ұйғарым шығарды.

– Он нысан басшысы террористік тұрғыдан осал нысанның терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тағы екеуі нұсқаманы орындамағаны және ҚР күзет қызметі саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жазаланды,- деді басқарманың аға жедел уәкілі Амангелді Бапинов.

Айыппұлдардың жалпы сомасы шамамен 3,5 миллион теңгені құрады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру