Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жазалау мерзімдерін қысқарту қоғам үшін маңызды

Шығыс Қазақстан облысында пробация қызметінің сотталғандарына заңға енгізілген түзетулер туралы түсіндірілді,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру, яғни қылмыстық құқық бұзушылық жасаған, келтірілген залалды өтеген адамдардың жауапкершілігін жеңілдету және (немесе) олардың әрекеттерінде жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар болса және ауырлататын мән-жайлар болмаса, сондай-ақ заңнамаға енгізілген өзгерістерді ескере отырып, жазалау мерзімдерін қысқарту қоғам үшін маңызды болып табылады.

Семей қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің тірек пункттерінде Затон аудандық пробация қызметінің қызметкерлері учаскелік полиция инспекторлармен бірлесіп, ҚР Заңына, атап айтқанда Қылмыстық кодекстің 62-бабына сәйкес жаза мерзімін қысқарту, үкім заңды күшіне енгенге дейін қамауда ұстау уақытын есепке алу бөлігінде түзетулер енгізу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сотталғандармен әңгімелесу барысында күзетте ұстаудың бір күні екі есе есептеледі ма деген мәселе қызықтырды. “ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру және жеке адамның құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” ҚР Заңын басшылыққа ала отырып, оларға жалпы жаза мерзімін есептеу кезінде қамауда болған бір күн бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеудің екі күніне теңестірілетіндігі түсіндірілді.
Сондай-ақ, қатысушыларға әкімшілік құқық бұзушылық және қайта қылмыс жасағаны үшін жауапкершілік және жазаны өтеу шарттары мен тәртібін бұзуға жол бермеу туралы қайталап жеткізілді.


Бүгінгі таңда Семей қаласы Затон аудандық пробация қызметінде жазасын өтеп жатқан адамдардың арасында 50-ден астам адам ізгілендіру әрекетіне жатады, олардың көпшілігі сотқа қолдаухат жолдады. Қалған есепте тұрғандар аралас қауіпсіздік мекемелерінен растауды күтүде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру