Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстаулық автоәуесқойларға 10 миллион теңге айыппұл салынды

“Автоураган” автоматтық жүйелерімен бекітілген тәртіп бұзғаны үшін маңғыстаулық автоәуесқойларға 10 миллион теңге айыппұл салынды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысында тәулік бойы автоматты режимде құқық бұзушылықтарды анықтайтын 22 кешен бар. “Автоураган” жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтауға және тіркеуге қабілетті. Полицейлер “Автоураган” кешенді жүйесінің көмегімен жолдарда берешегі бар жүргізушілерді анықтайды.
Полиция қызметкерлері “Автоураган” жылжымалы кешенінің
көмегімен 1180 жол қозғалысы ережесін бұзушыларды анықтады. Құқық бұзушы жүргізушілерге 9.701.515 теңге сомасына айыппұл салынып, 6.552.127 теңге айыппұл өндіріліп алынған. Айыппұл тұрағына 7 автокөлік қойылды.
Естеріңізге сала кетейік, айыппұлды ерікті түрде төлеу үшін қолданыстағы заңнамамен 40 күндік мерзім қарастырылған. Заңнамада көрсетілген мерзімде айыппұл төленбеген жағдайда әкімшілік материал
мемлекеттік немесе жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алу
үшін жіберіледі. Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде Қазақстан
Республикасынан тыс жерлерге шығуға шектеу қояды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру