Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында заңсыз іздеушіден құрамында алтын бар 16 келі кен тәркіленді

Ақмола облысында заңсыз іздеушіден құрамында алтын бар 16 келі кен тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Степногорск полициясына «Қазақалтын» АҚ қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері «Ақсу – 2» карьерінің қорғалатын аумағында заңсыз алтын іздеуші ұсталғаны туралы ақпарат келіп түсті.

Аталған объектіге келген жедел-тергеу тобы құқық бұзушының жеке басын анықтады. Ол Заводской кентінің 45 жастағы тұрғыны болып шықты.

Бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 269-1-бабы 1-бөлігі (Күзетілетін объектіге заңсыз кіру) бойынша тіркелген.

Одан әрі талқылау барысында полицейлер заңсыз іздеушіден құрамында алтын бар 16 келі кен тауып, тәркіледі. Материал сараптамаға бағытталды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру