Ақмола облысында жасөспірім туыстарымен жанжалдасып, үйінен кетіп қалған
Ақмола облысында жасөспірім туыстарымен жанжалдасып, үйінен кетіп қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысы ПД ювеналды полиция бөлімінің аға инспекторы Айнагүл Қуандықованың айтуынша, жыл басынан бері қадағалаусыз қалған 2,5 мыңнан астам жасөспірім полиция органдарына жеткізілген, олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Одан басқа, 139 жасөспірім алкоголь ішкені үшін, 254 жасөспірім ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ұсталды.
12 шілдеде Аршалы АПБ полиция бөліміне Түрген ауылының 19 жастағы тұрғынынан 15 жастағы сіңлісінің жоғалғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
Жас қыз полицияға 11 шілде күні әжесімен бірге тұратын сіңлісі туысқандарымен сөзге келіп, құрбысымен бірге белгісіз бағытта үйден кетіп, оралмағанын хабарлады. Полицейлер хабарсыз кеткен жасөспірімнің құрбысы түнгі сағат 12-де үйге оралғанын анықтады.
Іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында учаскелік инспектор Асылхан Омаров ауылдан 20 шақырым жерде орналасқан Ақбұлақ кентінде тұратын таныстарының үйінен жасөспірім қызды тапты. Қыз балаға қатысты құқыққа қарсы ешқандай іс-әрекет жасалмады.
Кәмелетке толмаған баланың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс және заңды өкілдерсіз болғаны үшін Нұр-Сұлтан қаласында тұратын анасы ҚР ӘҚБтК 442-бабының 2-бөлігіне сәйкес ескертілді.