Ақмола облысының бас полицейі елордаға іргелес ауданның тұрғындарымен кездесті
Ақмола облысының бас полицейі елордаға іргелес ауданның тұрғындарымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 желтоқсанда Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығы Думан Таев жұмыс сапарымен Целиноград ауданына барды. Мемлекет басшысы атап өткендей, өзара сенім мен жауапкершілік қағидаттарында мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылынсыз елдің үдемелі және тұрақты дамуы мүмкін емес. Ауыл тұрғындарының өтініші бойынша Ақмола облысының бас полицейі елордалық Қараөткел және Талапкер ауылдарының тұрғындарымен кездесті.
ПД бастығымен жеке әңгімеге алты азамат келді. Келіп түскен өтініштерді барынша толық қарау үшін қабылдауға Целиноград ауданының әкімі Бахитбек Оспанбеков полиция бөлімінің бастығы және оның орынбасарлары қатысты. Қабылдау барысында келіп түскен барлық мәселелерді Ақмола полицейі бақылауға алды. Олардың бір бөлігі кездесу барысында шешілді.
– Біздің жұмысымыздың басты бағыты – тұрғындардың мәселелерін шешу. Мұнда біз азаматтардың пікірін тыңдап, туындаған проблемаларды шешудің жолдарын бірге табуымыз керек, – деп атап өтті Д.Таев.
Қоғам өкілдері кездесуге жақсы дайындалған. Олардың өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге деген қызығушылығы қуантты. Учаскелік полиция инспекторларының штат санын көбейту мәселесі өзекті болды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, елордаға іргелес ауылдарда халық саны тез өсуде. Бүгінгі таңда Қараөткел ауылдық округінің құрамына кіретін үш ауылға екі учаскелік инспектор қызмет көрсетеді. Қараөткел ауылдық округіне тағы екі учаскелік инспекторды бекіту туралы шешім қабылданды.
Талапкер ауылында учаскелік инспекторлардың штат санын ұлғайту 2023 жылдың сәуір-мамыр айларына жоспарланған. Қараөткел ауылының белсенді тұрғындарын жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі алаңдатады. Қараөткел ауылының тұрғыны Динара Әбдірахманованың айтуынша, қарбалас уақытта Қорғалжын тас жолына шығу кезінде үлкен кептеліс пайда болады. Осыған байланысты бей-жай қарамайтын азаматтар ПД бастығына бағдаршам орнатуды сұрады.
Облыстың бас полицейі Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлеріне көше-жол торабына тексеру жүргізуді және Қараөткел ауылының тұрғындарының қауіпсіздігі үшін бағдаршам объектісін орнату мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Сонымен қатар жөндеу аяқталған ауыл көшелерінде жақын арада жол белгілері орнатылады.
Талапкер ауылының тұрғындары ЖҚЕ бұзушылықтарын тіркеудің автоматты кешендерін орнату туралы өтініш білдірді. Департамент бастығы бұл мәселе егжей-тегжейлі зерттеуді және қаржылық шығындарды қажет ететінін түсіндірді. Талапкер ауылында ювеналды полиция инспекторының жетіспеушілігін жергілікті тұрғын Гүлнар Сәбитова атап өтті. Полиция департаментінің бастығы Талапкер ауылдық округіне қызмет көрсететін учаскелік инспектордың көмекшілерінің біріне кәмелетке толмағандар жөніндегі инспектордың функцияларын бекітуді тапсырды. Думан Таев белсенді азаматтық ұстанымы үшін аудан тұрғындарына алғысын білдірді.