Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда полиция бейнебақылау камералары арқылы абаттандыру ережесін бұзу дерегін анықтады

25 қыркүйекте Петропавлда учаскелік полиция инспекторлары бейнебақылау камералары арқылы абаттандыру ережесін бұзу дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ер адам Крылов көшесі, №45 үйдің ауласында қоқыс контейнерлерінің жанына ірі көлемді төсек жабдығын тастаған. Полицейлер жедел шара қабылдап, құқық бұзушыны анықтап, бөлімшеге жеткізді. Ол – Қызылжар ауданының 39 жастағы тұрғыны болып шықты. Жасаған құқық бұзушылығы үшін азамат ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Азамат құқық бұзушылықты жойып, төсек жабдығын арнайы полигонға шығарды. Полиция мұндай әрекеттер үшін заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске салады. "Заң мен тәртіп" қағидаты мен жауапкершіліктің бұлтартпастығы әрқайсысына ортақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру