Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында темекі тұқылын белгіленбеген жерге тастаған ер адам жауапқа тартылды

Абай облысының Бесқарағай ауданында жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары қоғамдық орынды ластау фактісін тіркеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ер адам темекі шеккеннен кейін темекі тұқылын белгіленбеген жерге тастаған. Полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтады. Оның бұған дейін де осыған ұқсас құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Әкімшілік материал сотта қаралды. Сот шешімімен ер адамға әкімшілік айыппұл салынды.

Полиция қоғамдық орындардың тазалығы әр адамның жеке жауапкершілігінен басталатынын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру