Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының коменданты жедел жағдай туралы айтып берді

Ақмола облысының коменданты өңір тұрғындарына жедел жағдай туралы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 қаңтарда Ақмола облысының коменданты Баймурзин Арманбек өңір тұрғындарына жедел жағдай туралы айтып берді.

– Құрметті Ақмола облысының тұрғындары! Облыс аумағындағы жедел жағдай тұрақты. Штаттық режимде дүкендер, банкоматтар, пошта бөлімшелері, сондай-ақ теміржол вокзалы, қоғамдық көлік, медициналық мекемелер, дәріханалар, жанармай құю станциялары жұмыс істейді. Азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Төтенше жағдай мен коменданттық сағатты бұзғаны үшін тәулік ішінде 286 адам ұсталып, 101 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Еске саламын, төтенше жағдай кезеңінде көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жауапкершілік көзделген. Біз әлеуметтік желіде көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін Бурабай ауданының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғадық. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көкшетау, Степногорск және Бурабай ауданында 13 блок-бекет жұмыс істейді, – деді ол.

Арманбек Баймурзин тұрғындарға барлық қажетті ақпаратты «жедел желі» 1303 немесе 29-90-31 телефонына қоңырау шалу арқылы алуға болатынын еске салды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру