Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО комендатурасымен алкоголь өнімдерін сату бойынша шектеу шаралары туралы бұйрыққа өзгерістер енгізілді

СҚО комендатурасымен алкоголь өнімдерін сату бойынша шектеу шаралары туралы бұйрыққа өзгерістер енгізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының коменданты Марат Төлебаев жедел жағдайдың тұрақталуына байланысты төтенше жағдай кезеңінде шектеу шараларын қолдану туралы бұйрыққа өзгерістер енгізді.

Жекелей алғанда, 2022 жылғы 12 қаңтардан бастап СҚО аумағында күндізгі сағат 12.00-ден кешкі сағат 17.00-ге дейін алкоголь өнімдерін сатуға рұқсат етілді.

Көңіл көтеру және ойын-сауық орындары, дәмханалар, тойханалар, барлардың жұмысы алкоголь өнімдерін сағат 12:00-ден 17:00-ге дейін сату құқығымен сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін шектелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру